Түркияда қымбатшылық жайлады

Түркияда қымбатшылық жайлады
сурет: 24.kz

Кей тауарлар бір жылда 94 процентке өскен

Түркияда жылдық инфляция 78 процентке жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Бұл 1998 жылдан бері болмаған жағдай. Азық-түлік, жанармай және электр энергиясы қымбаттап жатыр. Түркия статистика институтының мәліметіне қарағанда, азық-түлік пен спиртсіз ішімдік құны соңғы бір жылда 94 процентке өскен. Ал жиһаз бен тұрмыстық техника 81 процентке көтерілген. Елдің ұлттық валютасы лира құнсызданды. Украинадағы ахуал жағдайды тіпті ушықтырып жіберген.

– Қымбатшылықты сезіне бастадық. Қазір бір зат сатып алу үшін 4-5 рет ойланатын болдым. Баяғыда таңдаған затымды алып, қалаған жеріме баратын едім. Енді көп ақылдасатын болдым.

– Инфлцияның шарықтауы менің кәсібіме кері әсерін тигізді. Биыл тауарымның 20 процентін сата алмайтын сияқтымын. Жанармай мен электр энергиясының қымбаттауынан бизнесім ақсап тұр.