Toǵyzqumalaq коллекциялық монеталары сатылымға шығады

Toǵyzqumalaq коллекциялық монеталары сатылымға шығады
Сурет: Ашық дереккөз

Таралымы 3 000 дана

2023 жылдың 10 сәуірінен бастап "Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары" сериясындағы Toǵyzqumalaq коллекциялық монеталары сатылымға шығарылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР Ұлттық банк әр монетаның өзіндік ерекшелігі барын нақтылайды.

- массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы proof және black-proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 3 000 дана, күмістен (нүктелі алтын жалату, бір жақты тотығу және интерференциялық түрлі-түсті жабын технологиясын қолдана отырып) жасалған;

– массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 3 000 дана, күмістен (нүктелі алтын жалату және интерференциялық түрлі-түсті жабын технологиясын қолдана отырып) жасалған;

– массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 20 000 дана, МН 25 мельхиор қоспасынан тұрады;

Номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан жасалған монетаның бейнесі – массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, дайындау сапасы uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 100 000 дана, МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан тұрады.