«Толық адам, ой толғау, хәкім Абай»

«Толық адам, ой толғау, хәкім Абай»
almaty-akshamy.kz

Қазақстанның халық әртісі  Шахимардан Әбіловтың шығармашылық кеші өтуде

Алатау ауданындағы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жаңа үлгіде ашылған  дарынды балаларға арналған Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шахимардан Әбіловтың «Толық адам, ой толғау, Хәкім Абай» атты моно-опера, моно-реквием шығармашылық кеші өтіп жатыр.

Мәдени іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, ардагер-ұстаздар мен классикалық өнерді сүйетін көрермен қатысуда. Кешті тамашалауға 300-ге жуық оқушы келген.

Белгілі әнші, вокалдық лириканың тамаша орындаушысы Шахимардан Әбіловтың есімі Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де кеңінен танымал. Бүгінде Ш.Әбілов – республикамыздың музыкалық мәдениетінде ерекше орын алатын өнер иесі. Әншінің шығармашылығының шыңы Абай өлеңдеріне камералық-вокалдық шығармаларды орындау болды.

Оқушылардың әдеби әрі мәдени танымдылығын арттыру мақсатында аталмыш өнер иесімен кездесуді қалалық Білім басқармасы ұйымдастырып отыр.

Дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдауға арналған орталық 3 қабаттан тұрады. Оқушылардың шығармашылық дамуына барлық жағдай жасалған. Аптасына 5000-ға жуық бала қабылдайды