Тоқаев ұмра қажылығын өтеді

Тоқаев ұмра қажылығын өтеді
сурет: Ақорда

Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды

24 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра немесе кіші қажылығын өтеді. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді»,-делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қос Киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен ресми сапармен жүр.