Тоқаев ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

Тоқаев ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты
Сурет: Ақорда

Арменияға биыл 15 қыркүйекте жіберген Миссиясы жұмысының нәтижелері талқыланды

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Республикасының ұсынысы бойынша өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына бейнебайланыс форматында қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ақорданың ресми сайтында жазылғандай, саммитке Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась қатысты.

Сессия барысында ҰҚШҰ-ның Арменияға биыл 15 қыркүйекте жіберген Миссиясы жұмысының нәтижелері талқыланды.

Қазақстан Президенті жиында сөйлеген сөзінде жанжалды тек бейбіт жолмен және саяси-дипломатиялық тәсілдермен реттеу керек екенін атап өтті.