Тоқаев Әлиевті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Тоқаев Әлиевті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Сурет: Akorda.kz

Орден екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін берілді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әзірбайжан басшысы Ильхам Әлиев «Алтын Қыран» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Гейдар оглы Алиев «Алтын Қыран» орденімен наградталсын», - делінген Жарлық мәтінінде.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетері, «Алтын Қыран» ордені - Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсi.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 24 тамызда, ресми сапармен Бакуге барды. Бұл Тоқаевтың Қазақстан Президенті ретінде Әзірбайжанға жасаған алғашқы ресми сапары.