Қазақстанда өткен тәулікте 61 адамнан COVID-19 анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 61 адамнан COVID-19 анықталды
Сурет: Coronavirus.rbc.ua

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 361 жетті.

Қазақстанда өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап. 

Осымен елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 361 адамға жетті. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 13, Алматы қаласында 41, Алматы облысында 2, Атырау облысында 1, Жамбыл облысында 3 адамнан коронавирус анықталып отыр.