Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
Сурет: Alau.kz

Қар аралас жаңбыр болады.

«Қазгидромет» мамандары 19-21 қараша күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп  хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Республиканың басым бөлігіндегі ауа райының тұрақсыз сипаты атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты болады. Атап айтсақ, жауын-шашын күтіледі, солтүстікте қар жауады, республиканың қалған бөлігінде қар аралас жауын-шашын күтіледі», - делінген мамандардың хабарламасында.

20 қарашада республиканың шығысында қатты қар, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта бұрқасын болады деген болжам бар. Ауа температурасы түнде солтүстік-батыс және солтүстікте 15-23 аязға дейін, шығыста 12-20 аязға дейін төмендеуі мүмкін.