Елімізде McDonald's жұмысы тоқтады

Елімізде McDonald's жұмысы тоқтады
Сурет: Elorda.info

Қазақстанда McDonald's (Food Solutions KZ ЖШС) жергілікті жеткізілімдегі шектеулерге байланысты 18 қарашадан бастап жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

- Компания жұмысты тезірек қалпына келтіру үшін бар күшін салып жатыр. Мейрамханалардың ашылу мерзiмi туралы кейінірек хабарланады, - делінген хабарламада.

Food Solutions KZ ЖШС компаниясы Қазақстанда 6 жылдан аса уақыт жұмыс істейді және жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар индустриясының көшбасшыларының бірі саналады.

Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды қалаларында компанияның 24 мейрамханасы бар және олардың ішінде 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілген.

Кейінгі алты жылда компания қайырымдылыққа 80 миллион теңгеден аса қаражат аударған.