Tesla cоңғы жеті жыл ішінде сатылған көліктерін кері алдыртып, жөндеп беретін болды

Tesla cоңғы жеті жыл ішінде сатылған көліктерін кері алдыртып, жөндеп беретін болды
Сурет: Kolesa.ru

Өйткені АҚШ реттеушілері электромобильдердің өздігінен жүруін қамтамасыз ететін Beta бағдарламалық жүйесінен ақау тапқан.

Tesla cоңғы жеті жыл ішінде сатылған 362 000-нан астам көлігін кері алдыртып, жөндеп беретін болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Нақты айтқанда, бағдарлама жылдамдықты шектен тыс асыруға мүмкіндік береді, яғни, түрлі апаттарға себеп болуы ықтимал деп отыр. Сондықтан көлік өндіруші 2016-2023 жылдар аралығындағы Beta бағдарламалық құралымен жабдықталған моделдерін қайтарып алып, тегін жөндеп береді. Өндірістік кемшілік компанияның беделіне бірден кері әсер етті. Бір сәтте акциялары 5,7% -ға құлдырап, бірнеше миллиард доллар құнын жоғалтты.