Tesla 16 мың электромобилін кері қайтарады

Tesla 16 мың электромобилін кері қайтарады
Сурет: ашық дереккөз

«Тесла» компаниясы АҚШ-та қауіпсіздік белдігіндегі ақауға байланысты 16 мың көлікті кері қайтаратын болды.

Бұл туралы осы елдің Көлік қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мәселе бірлестіктің 2021-2023-ші жылдар аралығында шығарған кей көлік түрлеріне қатысты болып отыр. Мәліметке қарағанда олардың алдыңғы орындардағы қауіпсіздік белдігі дұрыс тағылмай, жол көлік апаты кезінде жолаушының жарақаттануына әкеледі екен. Реттеуші органның талабына сай «Тесла» бұл көлік иелерінің темір тұлпарларын тексерістен өткізіп, қауіпсіздік белдіктерін тегін ауыстырып беруі тиіс.