Теңге нығайып, доллар арзандады

Теңге нығайып, доллар арзандады
Сурет: Kapital.kz.

Бір доллар 415 теңгеден саудалануда.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1, 67 теңгеге арзандады. 1 доллар 415, 12 теңге болды. Ұлттық банктің 25 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 416, 91 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 415, 34 теңге, сатып алу – 419, 17 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 413,19 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 416, 56 теңге. Еске салсақ, кеше қор нарығында доллар 416 теңгеден сатылған еді.