Тасқа да тіл бітті

Тасқа да тіл бітті
Islam.kz

«Бісміллә» немесе «Құдайдың атымен» деген жазуы бар фигура Түркияның Жерорта теңізінің Анталия провинциясындағы мәрмәр карьерінде мәрмәр плитадан табылды.

Таста пайда болған жазу карьерде тасты өңдеу кезінде кеншілердің назарын аударған. Тастағы шаңды сүрткенде, жұмысшылар оның араб әріптерімен «Бісміллә» деген жазуға ұқсайтынын байқайды. Плита Түркияның оңтүстік-батысындағы Испарта провинциясындағы Сүлеймен Демирел университетіне талдау жасауға жіберілді. Физули Ягмурлу, Расит Алтындаг және Назми Сенгун есімді ғалымдар өз талдауларында қызықты жаңалық ашты.

Мәрмәр құрамындағы табылған қалдықтарға 195 миллион жыл болса да, бұл жазба табиғи түрде пайда болған деп саналады. Юра кезеңінде 195 миллион жыл бұрын өмір сүрген теңіз тіршілік иелеріне жататын биокластикалық қазба қалдықтары плитаны құрайтын доломит әктасынан табылды. Бісмілләсі бар тастағы фигуралар толығымен «табиғи» түрде түзілген, ал жазулар фрагментация, деформация және жүрек тәрізді моллюскалардың қалдықтарының орналасуы нәтижесінде пайда болған.

Акдениз университетінің Теология факультетінің деканы Ахмет Огке ұсынған ғылыми есепке сәйкес, таста пайда болған фигура шынымен де «Бисмиллах» араб жазуы болып табылады.