«Тарихшы және оның заманы» атты ғылыми жинақ жарық көрді

«Тарихшы және оның заманы» атты ғылыми жинақ жарық көрді
Сурет: Тaisoigan.kz

Аталмыш кітап Манаш Қозыбаевтың 90 жылдығына орай шығарылған.

Бүгін Алматыда отандық тарихтың алпауыты Манаш Қозыбаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған іс-шара мемлекеттік мұрағат ғимаратында өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жиын барысында ғалымның еңбектерінен көрме жасалып, белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен ғылыми конференция ұйымдастырылды. 

Манаш Қабашұлы Қозыбаев  — Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының, ҚР Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қостанай облысының Құрметті азаматы.