Алматыда облысында заңсыз балық аулаушылар ұсталды

Алматыда облысында заңсыз балық аулаушылар ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Тәртіп сақшылары браконьерлерден 87 келі сазан балығын тәркілеген.

Полицейлер Балқаш-Алакөл бассейнінің инспекторларымен бірлесіп, 11 наурызда Сорбұлақ су қоймасында заңсыз балық аулаған екі браконьерді ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілер Іле ауданының тұрғындары болып шықты. Олардан резеңке қайық, балық аулау торлары және 87 келі сазан балығы тәркіленді. Келтірілген залал шамамен 520 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабымен (Балық ресурстарын заңсыз өндіру) қарастырылған қылмыстық іс қозғалды.