60 жастан асқан мәскеуліктер наурызға дейін үйінен шықпауы керек

60 жастан асқан мәскеуліктер наурызға дейін үйінен шықпауы керек
Сурет: Vzsar.ru

Оларға қоса созылмалы ауруы бар науқастар да «үй режимін» сақтауы тиіс.

Ресейде коронавирус індетінен болатын өлім-жітімнің күрт өсуіне байланысты жұмыс істемейтін апта жарияланды. Бұдан бұрын 30 қазан – 7 қараша аралығында локдаун жарияланғанын жазғанбыз. Бүгінгі ақпарат бойынша, демалыс 28 қазаннан басталатын болды.

Жаппай демалыс кезінде тек дәріхана мен азық-түлік дүкендері ғана ашық болады. Балабақшалар мен мектептерге де демалыс. Қосымша білім беру ұйымдары мен үйірмелер де жұмысын тоқтатады. Жоғарғы оқу орындары қашықтан оқыту жүйесінде жұмыс істейді.

Мәскеу мэрі вакциналанбағандар үшін «үй режимін» енгізу туралы жариялады. 60 жастан асқан мәскеуліктер, сондай-ақ созылмалы аурулармен ауыратындар осы жылдың 25 қазанынан 2022 жылдың 25 ақпанына дейін үйде болуы керек. Бұл талаптың соңғы алты айда коронавируспен ауырғандарға және вакцина алғандарға қатысы жоқ.