Тараздағы «Қазфосфат» зауыты уақытша жабылуы мүмкін

Тараздағы «Қазфосфат» зауыты уақытша жабылуы мүмкін
Сурет: Orda.kz

Қазіргі таңда жоспардан тыс тексеріс дайындалып жатыр.

Тараздағы «Қазфосфат» зауытын ауаға зиянды заттар тарап кетуіне байланысты уақытша жабу көзделіп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Astanatv.kz cілтеме жасап.

Тараздағы алып өндіріс «Қазфосфат» зауытында техникалық апат болып, одан шыққан қою түтін қала көшелеріне жайылды. Облыстық экология департаментінің мамандары кәсіпорын жұмысын уақытша тоқтатпақ. Себебі, ауаға зиянды күкірт сутегінің мөлшері шамадан тыс тарап кеткен көрінеді. Бұл жағдай тәулігіне екі рет қайталанған. 

«Санитарлық қоғау аумағынан сынама алынып, ол жерде күкірт сутек зиянды заттар анықталып, нормадан тыс асқаны анықталды. Қазіргі таңда жоспардан тыс тексеріс дайындалып жатыр. Зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндегенге дейін зауыт жұмысын уақытша тоқтататын шығармыз», - деді Жамбыл облысы экология департаментінің бөлім басшысы Серік Нұрбаев. 

Зауыт мамандары да болған оқиғаның себептерін анықтап жатыр. «Қазфосфат» ЖШС бас экологы Арман Қарағалиевтің айтуынша, зауыт зертханасында зерттеу жүргізілген, санитарлық учаскелер мен қала маңында дозаның шамадан тыс асқаны тіркелген жоқ. 

Естеріңізге сала кетсек, шілденің 11 күні «Қазфосфат минералды тыңайтқыштар» зауытында апат болған болатын.