Танымал есімдер: Әлихандар бірінші орында

Танымал есімдер: Әлихандар бірінші орында
Сурет: Elorda.info

Биылғы бес айда қазақстандықтар арасында сәнді болған топ-7 есім.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылы танымал болған Медина мен Әлихан есімдері 2023 жылғы рейтингте әлі де көш басында, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Биыл Әлихан деген есім 1420 ұлға қойылған. Екінші орында Рамазан есімі. Рамазан деп 2023 жылы  1354 балаға азан шақырылып, осы ат берілген. Әлбетте, ата-аналардың бұл ныспыны таңдауына мұмылмандардың қасиетті айы себеп болған. Үшінші орынға Омар есімі тұрақтады. Осы есіммен 1240 бала дүниеге келген. Айсұлтан есімі төртінші орында. Ұлдарға бұл есім 1209 рет берілді. Бесінші орынды Әмір есімі алады. Бұл атпен ұлдар 1023 рет аталған.  Алтыншыда Алдияр-олардың 1001-і дүниеге келді. Ал 935 сәбидің туу туралы куәлігіне Мұхаммед деп жазылып, көшбасшы жетілікті жапты. Жалпы есімдер тізіміне Алинұр, Али, Хамза, Арсен, Омар, Нұрислам, Ерасыл, Ислам және Муслим де кірді.

Ал қыздарға Медина, Айша, Айлин, Асылым, Сафия деген есімдер жиі қойылған. Биыл 2961 қызға Медина есімі берілді. Айша есімі бар 3152 қызға және Айлин есімі бар 1927 қызға қойылған. Асылым есімін 1838 қыздың ата-анасы таңдаған. Раяналардың саны - 1661. Софиялар - 1449. Томиристер болса, көшбасшы жетілікті тұйықтайды, 1447 қазақстандық өз қыздарының осы есіммен атаған. Сондай-ақ, әйел есімдері арасында Асылым, Айзере, Мәриям, Аяла, Айым, Айару, Амина, Адина танымал болды.