Талғар қаласы маңында иттердің терісі көмілген қорым табылды

Талғар қаласы маңында иттердің терісі көмілген қорым табылды
Сурет: Ашық дереккөз

Мұндай видео әлеуметтік желіде тарады

Талғар қаласы маңында иттердің терісі көмілген қорым табылды. Полиция тергеуді бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы облысы Талғар аудандық полиция басқармасының мәліметінше, 25 сәуірде Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында «Кеңдала» кентінің аумағындағы мал қорымы туралы бейнежазба анықталды.

«Қылмыстық құқықбұзушылық ҚР ҚК 316-бабының 1-бөлігі «Жануарларға қатыгездікпен қарау» бойынша Талғар аудандық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қазір қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел іздестіру іс-шараларының барлық кешені жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облыстық полиция департаментінің бақылауына алынды.