Такси қызметін көрсететіндер нені білуі қажет

Такси қызметін көрсететіндер нені білуі қажет
Сурет: ашық дереккөз

Такси қызметін көрсетіп табыс тауып жүрген азаматтар да жалпыға ортақ декларациядан өтуі тиіс. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнаулы салықтық режимдерді әкімшілеу департаментінің директоры Нұржан Қуандықов айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Оның атап өтуінше, елімізде кез келген кәсіпкерлік қызмет міндетті түрде тіркелуі тиіс.

«Бұған дейін де жалдамалы жұмысшылары жоқ, шағын бизнеске жататын азаматтар үшін біз арнаулы мобильді қосымша сынды арнайы салық режимін қарастырғанымызды айтқан едік. Демек, такси қызметін көрсететіндер үйден шықпастан-ақ мобильді қосымша арқылы тіркеліп, салық төлей алады. Бұған қоса, бүгінде Мемлекеттік кірістер комитеті ЯндексТаксимен бірге ілкі жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Олар осы ілкі жобаға қатыса алады», - деді Нұржан Қуандықов агенттік тілшісінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, «кіріс» туралы декларация тапсырудың үшінші кезеңінде 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлердің басшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыбы) тапсырады.

«Егер такси қызметін көрсетуші осы санаттың біріне кіретін болса, онда ол туралы мәліметті білеміз. Яғни такси қызметін көрсетуші жеке кәсіпкер болса, онда 2023 жылы жалпыға ортақ декларациялау жүйесіне енеді. Ол туралы мәліметтерді 2024 және 2024 жылдардың қорытындысын аламыз», - деді ол.

Департамент басшысының айтуынша, елімізде қолайды салық режімі бар. Оның аясында азмат қызмет көрсетіп 1-3 пайыз мөлшерінде ғана салық төлей алады. Ал азаматтардың жасырын қызметі анықталған жағдайда табысының 10 пайызын төлеуіне тура келеді.