Тағы екі өңір «қызыл» аймаққа өтті

Тағы екі өңір «қызыл» аймаққа өтті
Cурет: Ашық дереккөз

«Жасыл» аймақта ешбір өңір жоқ

17 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Түркістан облысы.

«Жасыл» аймақта ешбір өңір жоқ.

Еске сала кетсек, кеше Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстары «сары» аймақта болған еді.