Тағы бір мереке енгізілді

Тағы бір мереке енгізілді
Сурет: almaty-akshamy.kz

Қорғаныс министрінің бұйрығымен ҚР Қарулы күштерінің кәсіби мерекелерінің тізбесіне жауынгерлік даярлық маманы күні енгізілді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Ол 14 тамызда атап өтіледі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

«Армияның жауынгерлік әлеуетін нығайту ісіндегі осы қызмет бағытының маңыздылығын ескере отырып, 1992 жылғы 14 тамызда Қорғаныс министрінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары — ҚР Қорғаныс министрлігі жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы лауазымы бекітілді. Оған генерал-майор Юрий Құрматов тағайындалған болатын» – делінген хабарламада.

Жауынгерлік даярлық үдерісін орталықтандырып басқару — әскерлердің жауынгерлік жоғары деңгейде машықтанудың және олардың жауынгерлік әзірлігін арттырудың міндетті ережесі.

Қарулы күштердегі жауынгерлік даярлық органдарының командирлері мен мамандарының күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында оқу процестері үнемі жетілдіріліп отырады, өткізілетін іс-шаралардың қарқындылығы мен ауқымы артып келеді. Олардың барлығы әскерлерді ұрысқа қажет нәрсеге үйрету қағидатына бағынады