Тәжікстан аумағында жер сілкінді

Тәжікстан аумағында жер сілкінді
Сурет: ашық дереккөз

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін сағат 16:01-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 663 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,4. Магнитудасы MPV 5.2. Жер сілкінісінің координаттары – 38,62° с.е. 71,86° ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. MSK-64 шкаласы бойынша Қазақстан аумағында сезілген жоқ.