Алматыда шетелдік жезөкшелер ұсталды

Алматыда шетелдік жезөкшелер ұсталды
Сурет: polisia.kz

Алматыда Өзбекстан мен Қырғызстан азаматшалары интим қызмет көрсеткен, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жезөкшелікпен айналысқан төрт шетелдік әйел жауапкершілікке тартылды. "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында қаладағы қонақүйлердің бірінде интим қызмет көрсетумен айналысқан 11 әйел анықталды, олардың төртеуі Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары.

"Олар – 1997, 2000 және 2003 жылы туғандар. Құқық бұзушылар ҚР "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заңының 29-бабы бойынша материал жинау үшін Алатау аудандық ПБ-ға жеткізілді, содан кейін қабылдап-таратуға орналастырылды. Қонақүйде ұсталған алты әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал қонақүй кешенінің иесі ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.

Еске сала кетейік, 14 қарашадан бастап қалада шетел азаматтарының ҚР-да болу ережелерін бұзу деректерін анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарын және шетелдіктерді заңсыз тартуды анықтау мақсатында іс-шара жұмыстары жүргізіліп жатыр.