Тәліптер Ауғанстанда әйелдерді тәртіп сақшылар қызметіне қабылдай бастады

Тәліптер Ауғанстанда әйелдерді тәртіп сақшылар қызметіне қабылдай бастады
Сурет: Inbusiness.kz

«Талибан» қозғалысы бұл полицияны әйелдердің наразылығына қарсы тұру үшін қолданылады.

Ауғанстанда билікке келген «Талибан» радикалды қозғалысы әйелдер полиция бөлімін құрды, деп хабарлайды Almaty-aks Exclusive.kz сілтеме жасап.

Ауғанстанның Уақытша Үкіметі жанындағы ІІМ мәлімдемесіне сәйкес, қазір жүзге жуық әйел қоғамдық қауіпсіздік бөлімінде қызмет ету үшін оқытылуда. «Талибан» олардың лауазымдық міндеттеріне қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Құқыққорғаушылардың пікірінше, әйел полицейлер әйелдердің наразылығына қарсы тұру үшін қолданылады.