Түркістан мен Ташкент арасы жүрдек пойызбен жалғанбақ

Түркістан мен Ташкент арасы жүрдек пойызбен жалғанбақ
Сурет: Tengrinews.kz

«Түркістан – Түркі дүниесінің рухани астанасы» атты жиын өтті

Бұл - Түркістанның тек Қазақстан емес, Орта Азияның ірі туристік орталығына айналуына септігін тигізеді. Жан-жақты дамып келе жатқан Түркістанға түркиялық туризм компаниялары да инвестиция құюға мүдделі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ыстамбұл қаласында Қазақстан елшілігі мен Түркістан облысы әкімдігі ұйымдастырған «Түркістан – Түркі дүниесінің рухани астанасы» атты жиында екі елдің туризм бағытындағы кәсіпкерлері бас қосты. Бұған дейін де "Түркістан" халықаралық әуежайы, "Керуен сарай" туристік кешені сияқты ірі жобаларға инвестиция құйған түркиялық компаниялар осы бағыттағы жұмыстарын жалғастырмақ ниетте. Форумға жиналғандарға Түркістанның туризм әлеуеті таныстырылып, елімізде инвесторларға жасалып отырған қолайлы климат жайлы жан-жақты мағұлмат берілді.

«Түркістанның жыл өткен сайын түрленіп, дамып келе жатқанын байқап отырмыз. Кәсіпкер ретінде бауырлас елде жұмыс істеу біз үшін де қолайлы. Қазақстанның туризм әлеуеті өте жоғары. Осы бағытта әріптестік орнату үшін бірнеше компаниямен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Алдағы күндері Түркістанға барып, нақты жоспарлар құруға ниеттіміз», - дейді түркиялық кәсіпкер Айшен Түркмен.

«Біздің мақсатымыз - түркі әлеміндегі өзіміздің бауырлас елдерге саяхат жасай отырып, осы елдің туристік компанияларымен және инвесторлармен кездесу арқылы болашақта Түркістан қаласында туристер санын артыруы мақсатында келіп отырмыз. Бірнеше компаниялар келіп жатыр, біздің тараптан да әуе компаниялардың өкілдері, туристік компаниялардың өкілдері келіп отыр. Бұның барлығы осы туристік компаниялармен келісім-шартқа отырып, түркиялық туристерді Түркістан өңіріне тартады деген ниеттеміз», - дейді Түркістан облысы туризм басқармасының бөлім басшысы Нұрдәулет Медеуов.