Қазақстандық спортшы үстел теннисінен Австрия Бундеслигасындағы жолын жеңіспен жалғастыруда

Қазақстандық спортшы үстел теннисінен Австрия Бундеслигасындағы жолын жеңіспен жалғастыруда
Сурет: Olympic.kz

Айдос Кенжеғұлов үстел теннисінен Австрия бундеслигасында жеңісті жолын жалғастыруда

Қазақстандық спортшы үстел теннисінен Австрия Бундеслигасындағы жолын жеңіспен жалғастырып келе жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Айдос Кенжеғұлов бұл күндері үстел теннисінен Австрияның «Badener» сапында бақ сынауда. Оның командасы кезекті ойынды 2020 жылғы чемпионаттың күміс жүлдегері «UTTC Sparkasse» клубына қарсы өткізді. Екеуара кездесу 4:1 есебімен «Badener» жеңісімен аяқталды.

Айдос Кенжеғұлов («Badener») - Франсиско Санчи («UTTC Sparkasse») 3:1;

Аммиреза Аббаси («Badener») - Кенто Уолтл («UTTC Sparkasse») 3:0;

Марк Сагаве («Badener») - Майкл Тринк («UTTC Sparkasse») 1:3;

Айдос Кенжеғұлов/Аммиреза Аббаси («Badener») - Франсиско Санчи/Майкл Тринк («UTTC Sparkasse») 3:0;

Аммиреза Аббаси («Badener») - Майкл Тринк («UTTC Sparkasse») 3:0.

Бүгінде «Badener» (Баден) турнир кестесінде бесінші, ал «UTTC Sparkasse» (Зальцбург) үшінші орында келе жатыр.