Сұлтан Зәуірбек қарсыласын нокаутпен жеңді

Сұлтан Зәуірбек қарсыласын нокаутпен жеңді
Cурет: Baq.kz

Төреші үшінші раундта Сұлтанға нокдаун жариялады

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (12-0, 8 КО) Лондондағы York Hall-да өткен бокс кешінде «Питбуль» деген лақап атпен белгілі аргентиналық Николас Ботеллиді (11-6, 6 КО) жеңді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Сұлтанның екінші жартылай жеңіл салмақта WBO European чемпионы болғанына қарамастан ол Ботеллимен атаққа таласқан жоқ. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген болатын. Қазақстандық қарсыласын 5-ші раундта нокаутқа түсірді. 

Бұл ретте үшінші раундта төрешінің Сұлтанға нокдаун жариялағанын айта кету керек. 

Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіби бокстағы карьерасында 13-ші рет жеңіске жетті. Ал Николас Ботелли 7-ші рет жеңілді. Сұлтан алдымен мальтиялық Хайтем Ламузбен (17-1, 7 КО) жұдырықтасуы керек еді. Алайда ол жарақатына байланысты жекпе-жек алдында жарысқа қатыса алмайтынын мәлімдеді.