«Super Bol!» Қазақстан ұлттық құрамасының аңыз ойыншыларымен ойнайды

«Super Bol!» Қазақстан ұлттық құрамасының аңыз ойыншыларымен ойнайды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Super Bol!» әлеуметтік-футбол жобасының ойыншылары 7 тамыз күні Алматының Орталық стадионында Қазақстанның 2006-2008 жылдардағы құрамына қарсы ойынға шығады.

Матчтың арнайы қонақтары ретінде нидерландық маман Арно Пайперс, сонымен қатар мадридтік «Реал» мен миландық «Интердің» экс-ойыншысы Эстебан Камбьяссо келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазір «Super Bol!» Талғардағы ұлттық құрама базасында дайындықтан өтуде. Апта сайын олар бақылау матчтарын ойнайды, бірақ олар үшін нағыз емтихан алаңдағы балалық шақта өздері еліктеген Қазақстан құрамасындағы аңызға айналған ойыншылар болады.

Қазақстанның аңыздар құрамасында алаңға Самат Смақов, Давид Лория, Нұрбол Жұмасқалиев, Андрей Карпович, ағайынды Азовскийлер, Фархадбек Ирисметов, Дмитрий Бяков, Александр Кучма, Максим Жалмагамбетов, Қайрат Әшірбеков, Данияр Мұқанов, Сергей Бойченко, Юрий Новиков, Игорь Солошенко, Руслан Балтиев, Эдуард Сергиенко, және де ұлттық құраманың 2006-2008 жылғы шақырылымдағы басқа да ойыншылар шығады.

Жаттықтырушылар орындығында ардагерлердің ойынына Арно Пайперс басшылық жасайды. Қазақстан құрамасының жұлдыздары үшін мадридтік «Реал» мен миландық «Интердің» экс-ойыншысы Эстебан Камбьяссо  ойнайтын болады.

Матчты тек оңтүстік астананың басты футбол аренасына келген жанкүйерлер ғана емес, сонымен қатар көрермендер де тамашалай алады. Футбол матчы  Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Матчтың тағы бір ерекшелігі - оның әлеуметтілігінде. Билеттерден түскен қаржы қайырылымдылыққа жұмсалады.

Сонымен, 7 тамыз. Алматының  Орталық стадионы. 20:00. Билеттер ticketon.kz сайтында сатылады.

БАҚ өкілдерін аккредиттеу бойынша өтініш - aidynkozhakhmet@gmail.com сайтында қабылданады.

«Super Bol!» жобасының серіктестері

Freedom Broker – 12 елде қызмет жасайтын халықаралық деңгейлі жүйе құрушы инвестициялық компания. Компанияның қызметтері Қазақстан, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Кипр, Франция мен Испанияда ұсынылған.

Компания Freedom Holding Corp халықаралық инвестициялық топтың мүшесі. Топтың жеке капиталы $508 000 000-дан асады.

DARA – ҚР Президенті жанындағы дарындыларды қолдау қоры. Қордың мақсаты - бүкіл Қазақстаннан дарындарды тауып, олардың әлемдік деңгейде өнер көрсетуіне мүмкіндік беру.