Суданда Құрбан айт құрметіне орай атыс тоқтады

Суданда Құрбан айт құрметіне орай атыс тоқтады
Сурет: ашық дереккөз

Жедел әрекет ету күштерінің жетекшісі Мұхаммед Хамдан Дагало сейсенбі, сәрсенбі күндері оқ атылмайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Генералдың аудио-хабарламасы жергілікті «Әл-Арабия» телеарнасында көрсетілді. Еске салайық, Судандағы әскери қақтығыстар сәуір айының ортасында басталды. Елдің Қарулы күштері мен Жедел әрекет ету күштері арасындағы қақтығыстан 3 мыңнан астам адам опат болды. Салдарынан 2 миллион 200 мыңдай адам өзге елдерге көшіп кетті.