«Спутник V» вакцинасы туралы қорытынды күзде шығады

«Спутник V» вакцинасы туралы қорытынды күзде шығады
Сурет: Vesti.ru

Бұл ақпаратты Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мәлім етті.

РИА Новости-дің мәліметінше, ресейлік министр «Спутник V» вакцинасын зерттеу туралы қорытынды есептің күздің ортасына қарай дайын болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бақылаулар аяқталып қалды, есептің қорытындысы қазан айында дайын болады, аралық есептер бұған дейін жарияланды», - деді ол.

Михаил Мурашконың айтуынша, EpiVac пен KoviVak туралы нәтиже 2021 жылдың аяғы - 2022 жылдың басында жариялануы керек.