«Спутник V» екпесін алғандар Еуропаға еш кедергісіз саяхаттайды

«Спутник V» екпесін алғандар Еуропаға еш кедергісіз саяхаттайды
Сурет: Function.mil.ru

Еуропалық комиссия коронавирусқа қарсы күресте ресейлік препарат қолданылатын Сан-Марино екпе сертификаттарын мойындады.

Ресейдің тікелей инвестициялар қорының мәліметінше, «Спутник V» препаратымен вакциналанған азаматтар Еуропаға еш кедергісіз саяхаттай алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Сан-Маринода берілген иммундау құжаттары ЕО мен Шенген аймағындағы елдерде заңды.

Сан-Маринода «Спутник V» препаратын қолдануға 2021 жылдың ақпан айында рұқсат берілді. Ресейлік препаратпен вакциналау республикаға коронавирустық инфекцияны жеңген Еуропадағы алғашқы ел болуға мүмкіндік берді.