Nur Otan партиясының Жол картасы аясында 40-тан астам жоба орындалды

Nur Otan партиясының Жол картасы аясында 40-тан астам жоба орындалды
almaty-akshamy.kz

Балабақшалар, мектептер, инклюзивті білім беру – Nur Otan партиясы қандай уәделерді орындады

Мәселен, Алматыда Nur Otan партиясының Жол картасын іске асыру аясында 2021 жылы 4658 орындық 72 жеке балабақша салынды, 4150 орындық 9 мектептің құрылысы аяқталып, 4 мектептің жөндеу жұмыстары бітті. Сондай-ақ, инклюзивті білім беру үшін мүмкіндіктер жасаған мектептердің үлесі 80%-ға дейін өсті, ал әкімдікпен электронды түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі 92%-ға жетті.

Партия мүшелері Жол картасы тармақтарының орындалмау тәуекелдеріне жедел назар аударуда. Nur Otan депутаттық фракциясының бекітілген 28 мүшесі мен 11 өңірлік қоғамдық кеңес барлық индикаторлардың іске асырылу барысына жүйелі бақылау жүргізеді. Партияның қалалық филиалы жанындағы өңірлік қоғамдық кеңестер 55 отырыс өткізіп, онда Жол картасының 84 пункті қаралды

Бұдан бөлек, партияның депутаттық фракциясы қаланың тыныс-тіршілігінің барлық салаларына белсенді қатысады. Партиялық бақылауда 99 инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандары бар. Жыл басынан бері құрамына "нұротандықтар" енген мониторингтік топтар 180-нен астам тексеруді жүзеге асырды. Сонымен қатар партияның қалалық филиалы төрағасының тапсырмасымен құрылған «Халықтық бақылау» бастамашыл тобына 132 белсенді қала тұрғыны енген. Олар салынып жатқан нысандардағы барлық бұзушылықтар мен проблемалар туралы партияға бірден хабарлайды.

Сонымен қатар, мониторинг қорытындысы бойынша, Жол картасының кейбір іс-шараларының орындалмау қаупі анықталды. Біз партия мүшелерімен және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, Саяси кеңес Бюросының қорытындысы бойынша Жол картасы аясындағы тәуекел іс-шараларды қаржыландыру мәселелерін қарадық және осы тармақтар бойынша шешу жолдарын әзірледік. Мәселен, проблемалық мәселелер бойынша жеке іс-қимыл жоспары құрылатын болады.

 

Мейіржан Отыншиев, Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары