«Спутник V» дүние жүзіне танымал

«Спутник V» дүние жүзіне танымал
Сурет: Iz.ru

Бұдан бұрын бұл екпенің қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттеулер арқылы дәлелденгенін жазғанбыз.

 Әлемдік БАҚ таратқан ақпарат бойынша, Ресей тарапы Тәжікстанға «Спутник V» вакцинасының 50 мың дозасын үлестірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 Жоғары тиімділік пен қысқа мерзімдік вакцинация ресейлік «Спутник V» препаратын Үндістанда ең танымал етті. Үндістанда ресейлік «Спутник V» препаратымен вакциналанған адамдар қатары артып келеді, оның өндірісін Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РТИҚ) инвестициялаған болатын. Екпе салдырған адамдар өз таңдауын препараттың жоғары тиімділігімен және вакцинация курсының жылдам өтуімен түсіндіреді.

Үндістанда «Спутник V» вакцинасына үлкен қызығушылық қалыптасқан. Мұның екі себебі бар: препарат өте 91%-тен асатын жоғары тиімділікке ие, тағы бір себебі — бірінші және екінші инъекция арасындағы қысқа мерзім, 21 күнде сіз вакцинацияның толық курсынан өте аласыз», — деді Apollo Hospital клиникасының бас фармакологы, дәрігер Санжив. Үнді клиникаларындағы дәрігерлер «Спутник Лайт» вакцинасын асыға күтуде және оған деген сұраныс екі компонентті препаратқа қарағанда жоғары болады деп болжайды.

 Аргентинада «Спутник V» вакцинасы өндіріліп шығарылды, әзірлеушінің мақұлдауына ие болды және халықты жергілікті препаратпен вакцинациялай бастады, - деп хабарлады елдің министрлер кабинетінің басшысы Сантьяго Кафьеро. Препараттың бірінші және екінші компонентінің сапасын Ресейдің Гамалея институты мақұлдаған. Бұл тұста «Спутник V» вакцинасының 1 миллионнан астам дозасын азаматтық айналымға шығаруға қатысты мәлімет берілуде.

 «Гам-ковид-Вак» партиясы Ресей Федерациясы Үкіметінің гуманитарлық көмегі аясында Тәжікстанға ТЖМ арнайы бортымен жеткізілді. Вакцина коронавирусқа қарсы халықты жаппай иммундау мақсатында бөлінді. Ресей тарапы Тәжікстанға «Спутник V» вакцинасының 50 мың дозасын үлестірді.