Бес келіден артық қант сатылмайды!

Бес келіден артық қант сатылмайды!
Сурет: Fishki.net

Неге? Бұл сұраққа Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы жауап берді.

 Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қант сатудың белгіленген шектеуіне қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 Magnum, Small және Toimart сияқты сауда желілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу туралы келісім жасалды.

 «Жоғарыда аталған дүкендер желісінде бір адамға бес келі қант қана сатылады. Мұндай шара алыпсатарлардың алдын алу үшін қабылданды. Базар және өзге де сауда нүктелерімен салыстырғанда, мұнда қант бағасы 10-15% төмен», - деп хабарлады әкімдіктен.

 Басқармадағылар қант сатып алуға қойылған шектеулер тапшылыққа байланысты емес екенін атап өтті.