Спортшы кәсіби мансабында оныншы жеңісіне жетті

Спортшы кәсіби мансабында оныншы жеңісіне жетті
сурет: Aikyn.kz

«Сенсациялық жеңіс!»: Олжас Есқараев ММА Brave Combat Federation промоушені тарихына енді.

Алматыда Brave Combat Federation 53 аралас жекпе-жек турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Турнирге қазақстандық файтер Олжас Есқараев қатысты (9-5). Ол бразилиялық Лукас Мартинспен (20-5) шаршы алаңға шықты. Аралық салмақтағы (74 келі) жекпе-жек үш раундқа есептелген, бірақ оған жетпеді: жекпе-жек Есқараевтың күтпеген жеңісімен аяқталды. Ринг-анонсер бұл нәтижені Brave CF промоушен тарихындағы ең үлкен апсет деп атады.
Осылайша, Олжас Есқараев ММА-да өзінің кәсіби мансабында оныншы жеңісіне жетті, ал Brave CF чемпионы болған Лукас Мартинс алтыншы рет жеңілді.