Сириядан келген содыр сотталды

Сириядан келген содыр сотталды
Сурет: интернеттен

2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барған.

ДАИШ террористік ұйымының құрамында болған қазақстандық 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау, діни алауыздықты қоздыру және лаңкестік топтың әрекетіне қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады

Ұлытау облысы Сәтбаев аудандық соты лаңкестік топтың құрамында болған тұрғынды кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотталушы 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барып, онда ДАИШ* (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болғанын тергеу анықтады.

Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде содырдың шетелде жүрген жері анықталып, ҰҚК жасағы шетелдік серіктестердің көмегімен оны 2023 жылдың маусым айында Қазақстанға әкелген.

2023 жылғы 22 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.

ДАИШ* - Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйым