ШҚО-да спорт секцияларының саны артады

ШҚО-да спорт секцияларының саны артады
Cурет: ortcom.kz

Спорттың 17 түрі бойынша 160 тегін секция ашылды

ШҚО-ның орта мектептерінде үш мыңнан астам спорт секциясы ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Altaynews-ке сілтеме жасап.
Облыста спорттық инфрақұрылымды кеңейту соңғы жылдары қарқын алды. Шалғайда орналасқан ауыл-аймақтарда салынған түрлі заманауи спорттық нысандар халықтың спортқа деген қолжетімділігін арттырды.
Биыл облыс бойынша 14 спорт нысанының құрылысы жалғасады. Атап айтсақ, бір үстел теннисі орталығы, сегіз дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен екі бассейн салынады. Аудан орталықтарында, шекара маңындағы ауылдарда үш спорт модулі пайда болады, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.
 Жалпы, биыл бой көтеретін ірі спорттық нысанның бірі облыс орталығында елімізде теңдесі жоқ 58 кортқа арналған әрі 300-ге жуық көрермен орны бар үстел теннисі орталығы болмақ. 
Алдағы төрт жыл ішінде облыстың жалпы білім беретін мектептерінде қосымша 3213 спорт секциясы ашылады. Оның 22 мың балаға арналған 1268-і биыл ашылады.
Сонымен қатар облыс орталығында жан басына қаржыландыру аясында спорттың 17 түрі бойынша 160 тегін секция ашылды.