Шығыс Қазақстан облысы «жасыл» аймаққа шықты

Шығыс Қазақстан облысы «жасыл» аймаққа шықты
Cурет: Egemen.kz

Алматы «сары» аймақта

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2021 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды облысы.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, кеше, 7 қарашадағы мәліметтері бойынша, Шығыс Қазақстан облысы «сары» аймақтар тұрған болатын.