Шымкентте қылмыстық топ құрықталды

Шымкентте қылмыстық топ құрықталды
Сурет видеодан алынды

Шымкентте маргиналды жастардың қылмыстық тобы құрықталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы кешенді іс-шаралардың нәтижесінде аймақтағы жедел жағдайға теріс әсер ететін он адамнан тұратын топты ұстады. Олар қару пайдаланып, бұзақылық және бопсалаумен айналысқан. 

Құрықталғандардың жасы 20-дан 25-ке дейін. Олардың тұрғылықты жерлерін тексеру барысында атыс қарулары, оқ-дәрілер мен басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді.

Қылмыстық құқық бұзушылық жайттары бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.