Шахта апатында қаза болған кеншілерді жерлеу басталды

Шахта апатында қаза болған кеншілерді жерлеу басталды
Сурет: интернеттен

Бүгін 15 кенші жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Костенко атындағы шахтада қазанның 28-і күні апат болып, бүгін қаза болған соңғы кеншінің табылғанын хабарлаған болатынбыз. Шахтада қайтыс болғандардың жалпы саны 46 болды. Қайғылы жағдайға байланысты, елімізде 29 қазан қаралы күн деп жарияланды. 

Жерлеу рәсімі үш күнге жалғасады.