Семейде мектеп оқушыларының төбелесі бойынша тергеу басталды

Семейде мектеп оқушыларының төбелесі бойынша тергеу басталды
сурет:massaget.kz

ШҚО-да бір топ жасөспірім қыз қатарласын аяусыз ұрып жатқаны видео арқылы тараған еді.

Семей қаласының әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізу барысында тәртіп сақшылары қаланың білім беру мектептерінің бірінің оқушылары өз құрдастарына дене жарақатын салған бейнежазбаны байқаған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Zakon.kz сілтеме жасап.

Оқиға 10 сәуір Семейде болған. 15 сәуірде осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жанжалдасқандардың бәрі анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді.

«Қазір ата-аналардың, психологтардың қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қалған ақпарат тергеу мүддесінде, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, жария етілуге жатпайды».
Еске салайық, бұған дейін ШҚО-да бір топ жасөспірім қыз қатарласын аяусыз ұрып жатқанын видеоға түсірілген еді.