Сайлау демократиялық принциптерге сай өтті - пікір

Сайлау демократиялық принциптерге сай өтті - пікір
Сурет: Tengrinews.kz

Сайлауалды компания мен сайлаудың өзі тыныш өткені - жақсы ұйымдастырылғанның белгісі.

Орталық сайлау комиссиясының жариялаған кезектен тыс Президент сайлауының ресми қорытындысына қатысты сарапшылар пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Сайлауалды компания мен сайлаудың өзі тыныш өткені - ең алдымен, жақсы ұйымдастырылғанның белгісі. Заң бойынша бәрі өтті. Байқаушылар кішігірім ғана қателіктерді байқап жатыр. Жалпы алғанда, бәрі өте тұрақты, бейбіт және тыныш түрде өтті және бұл үлкен жетістік», - деді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Қуаныш Сайлау. 

«Сайлау демократиялық принциптерге сай өтті. Халықаралық нормаларға сәйкес өтті деп айтуға болады. Бұл бағаны кеше АҚШ пен Ресей байқаушылары да айтты», - деді  Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Ермек Тоқтаров.