Сарайшық – айрықша орны бар киелі шаһар

Сарайшық – айрықша орны бар киелі шаһар
akorda.kz

Мемлекет басшысы үшінші құылтай неге Атырауда өтіп жатқанын айтты

Мемлекет басшысы Ұлы Жібек Жолының бойында тұрған қала бір кездері айрықша геостратегиялық рөл атқарғанына тоқталды. Себебі Батыс пен Шығыстың экономикалық, саяси, мәдени қарым-қатынасына ерекше ықпал еткен.

«Атақты хандарымыз осы жерге ордасын тігіп, ел билеген. Бірқатары Сарайшықта мәңгілік мекенін тапқан. Тарихшылардың пайымдауынша, Қазақ хандығын қуатты мемлекетке айналдырған Қасым хан осында жерленген. Бір сөзбен айтсақ, Сарайшық – төл шежіремізде айрықша орны бар киелі шаһар», - деді Мемлекет басшысы.