Сараптама ұйымдары арасындағы спартакиада мәресіне жетті

Сараптама ұйымдары арасындағы спартакиада мәресіне жетті
Сурет: ашық дереккөз
Шымкентте сараптама ұйымдары арасында ұйымдастырылған I халықаралық спартакиада аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 
ҚР ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитетіне қарасты «Мемсараптама» кәсіпорынның бастамасымен қолға алынған сайысқа 4 мемлекеттен, атап айтқанда Қырғыз Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Өзбекстан Республикасы мен Қазақстаннан 80-ге жуық адам қатысып, өзара күш сынасқан еді. Бұл орайда аталған дода жекелеген спорт түрлерінен, оның ішінде футбол, үстел теннисі, волейбол, шахмат және зияткерлік спорт түрлерінен өткізілгенін айта кетейік, деп жазды BAQ.KZ.
Сараптама ұйымдары арасындағы спартакиада мәресіне жетті

Бұқаралық спортты насихаттау – баршамызға ортақ міндет. Сондай-ақ осындай жарыстар қызметкерлердің ауызбірлігін нығайтып, ұжымдық рухты қалыптастыруға септігін тигізеді, - деді «Мемсараптама» РМК бас директоры Қуандық Қажкенов.

Тартысты жарыстың нәтижесінде ресейліктер 1-ші орынды иеленді. Еліміздің құрамасы 2-ші орыннан көрінсе, үздік үштікті бауырлас Өзбекстан командасы түйіндеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок, медаль және естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ бірнеше номинацияға сәйкес топ жарған азаматтар да марапатталды.

Сараптама ұйымдары арасындағы спартакиада мәресіне жетті

Атап айтқанда:

«Үздік мерген» - Айдай Омуралиева (Қырғызстан Республикасы)

«Үздік спортшы» - Дилафруз Батырова (Өзбекстан Республикасы)

«Үздік жүзуші» - Лариса Низовцева (Ресей Федерациясы)

«Батыр» - Токен Толепбергенов (Қазақстан Республикасы)

Сараптама ұйымдары арасындағы спартакиада мәресіне жетті

«Үздік шабуылшы» - Шохрух Марданов (Өзбекстан Республикасы)

«Үздік қақпашы» - Вячеслав Бугаев (Ресей Федерациясы)

«Үздік ракета» Нелли Конкалова (Қазақстан Республикасы)

«Әділ ойын үшін» - Қырғызстан Республикасы

«Жеңіске деген ұмтылыс үшін» – Өзбекстан Республикасы

«Үздік жанкүйерлер» - Ресей Федерациясы

Сараптама ұйымдары арасындағы спартакиада мәресіне жетті