«Саран» шахтасынан өрт шықты

«Саран» шахтасынан өрт шықты
Almaty-akshamy.kz

Қарағанды облысында «Саран» шахтасынан өрт шықты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Саран» шахтасында түнде өрт шыққаны белгілі болды. Арнайы құтқару тобының көмегімен барлық кеншілер аман-есен жер бетіне шығарылды.

«2023 жылғы 27 тамызда сағат 01:55-те «Саранская» шахтасынан өрт шығып, апатты жою жоспары енгізілді. Өрт сөндірілді. Барлық жұмысшылар жер бетіне шықты. Зардап шеккендер жоқ, себептері мен мән-жайы анықталуда», - деп мәлімдеді АрселорМиттал Теміртау баспасөз қызметі.