Сағадиев Швецарияда сайран салып жүр

Сағадиев Швецарияда сайран салып жүр
Сурет: Алмаз Шарманның әлеуметтік парақшасынан

Бұрынғы білім министрі Ерлан Сағадиев Швейцарияға орнығыпты

2019 жылы қызметінен кеткеннен кейін Гарвардқа оқуға кетті. Содан бері ол туралы қоғамда бірде-бір сөз қозғалған емес. Жақында экс-министрді Женева көлінің жағасында ғалым Алмаз Шарман кездестірген. Ол Сағадиевтің балаларының шетелде қаншалықты бағы ашылғандығы туралы айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Ерлан мен Әйгерімнің тамаша балалар тәрбиелеп жатқанына өте қуаныштымын. Олардың үлкен ұлы Мағжан Американың Юта штатының жастар хоккей командасында ойнайды. Зере қызы Бостондағы университетке түсті. Кіші Сұлу мен Ілияс әлі мектепте оқиды. Сара Ерланның үлкен қызы, Атлантада биотехнолог болып жұмыс істейді».