Рубль бағамы төмендеп жатыр

Рубль бағамы төмендеп жатыр
Сурет: ашық дереккөз

Алматы мен Астананың ақша айырбастау пункттерінде Ресей валютасының теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 4,87- 5 теңге аралығында сатылып жатыр.

Ал, Астанада 4,93 -5,03 теңге аралығында құбылып тұр.

Еліміздегі үшінші мегаполис Шымкентте Рессей рублінің құны – 4,90 -4,97 аралығында.

5 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, Ресей валютасының орташа бағамы 4,92 теңге болған.

Ұлттық банктің 10 шілдедегі ресми бағамы – 1 рубль 4,90 теңге.