Республикалық маңыздағы 11 автомобиль жолы жабылды

Республикалық маңыздағы  11 автомобиль жолы жабылды
Сурет: интернеттен

Су тасқынына байланысты.

17 сәуірдегі мәлімет бойынша, 5 облыстағы республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолының қозғалысына шектеу қойылды,- деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Қазавтожол" ҰҚ" АҚ мәліметінше, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7575 метр болатын су тасқыны орын алды.

"5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылды", делінген "Қазавтожол" ҰҚ" АҚ таратқан ақпаратта.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 356 бірлік техника мен 438 адам жұмылдырылған.