#Республика күні. «Бір ел» жастары

#Республика күні. «Бір ел» жастары
Сурет: Ulytaureserve.kz

Республика күніне орай «Бір ел» жастары атты шара өтті.

Республика күніне орайластырылған шараның алғашқы күнінде әр өңірден жиылған 200-ге жуық студент жастар қасиетті өңірдің тарихи орындарына саяхат жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан халқы Ассамблеясының елімізде тұратын этностарды біртұтас ұлтқа топтастыру мен мәдениетаралық диалогты дамытуды мұрат еткен «Бір ел» жастар жобасы Ұлытау төрінен басталды.

 Алтын Орда мен Қазақ хандары орда тіккен мекендерді аралады. Ал бүгін Жезқазған қаласында жобаның пленарлық отырысы өтіп, жастар көшпелі экскурсияда көңілге түйгендерін ортаға салып, пікір алмасты. Үш күнге жоспарланған жоба аясында бұдан бөлек шеберлік сабақтары мен тренингтер, мотивациялық кездесулер де өтеді. Түрлі этнос өкілдерінің құралған көңілді тапқырлар командалары «Достық кубогын» сарапқа салады.

«Осылай «Бір ел» жобасына қатысамыз деп келген едік. Кешегі күннен естеліктер өте көп. Алашахан кесенесіне және Жошы хан кесенесіне бардық. Өте керемет жерлер екен», - дейді қатысушы Екатерина Подгорнова.
«Қазақстанның барлық өңірінен жастарымыз келді. 14 этнос өкілдері қатысып жатыр. Олардың әрбіреуі қазақ тілін меңгерген, түсінеді, біледі. Тарихты білуге, оны танытуға кейін өздерінің барған соң елдеріне, жерлеріне айтуға ниетті жастарымыз қатысып жатыр», -  дейді «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Нұрхат Ораш.